Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Студенттік қалқан» бейнеролик...
23 қыркүйек 2025
8
0
0

«Студенттік қалқан» бейнероликтер байқауының марапаттау рәсімі өтті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Студенттік қалқан» бейнероликтер байқауының марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш байқаудың мақсаты – тұрғындар арасында терроризм мен діни экстремизмнің қауіпі туралы түсінік қалыптастыру, олардың алдын алу жолдарын кеңінен насихаттау, сонымен қатар қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда ұлттық құндылықтардың маңызын дәріптеу болды.
Жиынға оқу орнының тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы қатысып, экстремизм мен терроризмнің мәні, олардың қоғам тыныштығына, ұлттық бірлікке және жастар тәрбиесіне тигізетін кері әсерлері туралы баяндады.


Айта кетейік, байқауға үміткерлерден келіп түскен бейнебаяндар, флешмоб бейнежазбалары және эсселердің арасынан талапқа сай деп танылғандары іріктеу кезеңіне өткізілді. Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша жүлдеге ие болған номинация иегерлері марапатталды.
Ербол Қалтұрсынұлы «Үздік бейнебаян» номинациясы бойынша Фтизиопульмонология және радиология кафедрасының ЖМҚБ 02-21 тобын І дәрежелі дипломмен, Педиатрия-2 кафедрасын ІІ дәрежелі дипломмен, Казмед жастары мен Кадир Бериванды ІІІ дәрежелі дипломмен марапаттады.
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жанат Нұржанбаева «Үздік эссе» аталымы бойынша І дәрежелі дипломмен ВҚДҚ 01-25 тобының студенті Өмірәлі Бейбарысты, ІІ дәрежелі дипломмен ММҚ 02-25 тобының студенті Алуа Мансурованы,
ІІ дәрежелі дипломмен ВМ МОБ 12-25 тобының студенті Б. Ниязбековті марапаттады. Ал, ІІІ дәрежелі дипломға ВМ ПҚБ 01-25 тобының студенті А. Акмамбетова, ВМ МОА 12-25 тобының студенті Р. Сабиржанова мен Н. Егізбек ие болды.


Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Берік Тасжанов “Үздік флешмоб” аталымының иегерлеріне диплом табыс етті. І дәрежелі диплом Медицина колледжінің «Қыран» ұйымына, ІІ дәрежелі диплом «Шабыт» өнер ұйымына берілді.
Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен, естелік сыйлықтармен, алғыс хаттар мен дипломдармен марапатталды.

Терроризм мен экстремизмге қарсы күрес – барша қоғамның ортақ міндеті екенін ұмытпайық!

Пікірлер орны (0)