Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Су сапасының адам денсаулығын...
21 мамыр 2026
1
0
0

«Су сапасының адам денсаулығына әсері» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізді

«Гигиена және эпидемиология» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Ж.Б. Жақсыбаева «Гигиена және эпидемиология» пәнінен ВМ-ПҚА-01-23 тобында «Су сапасының адам денсаулығына әсері» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізді.
Ашық сабаққа академияның әдістемелік кеңес меңгерушісі Рашева Б.М., кафедра меңгерушісі– PhD Кульмирзаева Д.М., доцент м.а. Ескерова С.У. қатысты.
Ашық тәжірибелік сабақ хронометражға сәйкес уақтылы басталып, ашық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулықты қолдану арқылы жүргізілді. Сабақ барысында оқытушы білім алушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен, қоршаған ортаның негізгі нысанының бірі ретінде судың физиологиялық, гигиеналық және эпидемиологиялық маңызымен таныстырып, су сапасының адам ағзасына әсерін ғылыми тұрғыдан қарастырып, судың ластану себептері мен оның алдын алу жолдарының маңыздылығын ашып, талдау жасады.
Білім алушылардың білімдерін анықтау мақсатында сұрақ-жауап жүргізілді, яғни, білім алушылар, сенсорлық тақтаны пайдалану арқылы презентацияны қорғап, су сапасының негізгі көрсеткіштері мен олардың адам денсаулығына тигізетін әсері тұрғысындағы сұрақтарға жауап берді. Білім алушылар судың органолептикалық қасиеттерін анықтау мақсатында зертханалық жұмыс жүргізді.
Топтық жұмыс арқылы берілген тапсырмаларды білім алушылар плакаттағы кескіндерді бір-біріне сәйкестендіру арқылы өз ойларын ортаға салды. Сабақты орындалуын бақылау мақсатында Kohoot арқылы тест алынды. Тақырыптық талдау жасалынды, суға қатысты жаңылтпаштар айтылып, мақал –мәтелдердің айтылуы бойынша эстафета болды. Ашық сабақтың соңына қарай жағдайлық есеп сұрақтары берілді, қойылған сұрақтар бойынша білім алушылардың тақырыпты меңгергендігі белгілі болды.
Сабақ соңында қорытынды жасалып, негізгі ойлар жинақталды.
Әдістемелік кеңес меңгерушісі Рашева Б.М аға оқытушы Жаксыбаева Ж.Б өткізген ашық сабағы өте жоғары деңгейде өтті деген баға берді.

Пікірлер орны (0)