Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә...
2 қазан 2026
1
0
0

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет»

2026 жылдың 30-шы қыркүйек күні «Педиатрия-2» кафедрасында кафедра меңгерушісі,профессор Бектенова Гульмира Ерсейтовнаның жетекшілігімен және кафедра ассистенті Абдиева А.М ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өткізілді.
Мақсаты:білім алушылардың жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, адалдық пен әділдік қағидаттарын нығайту, сондай ақ медициналық маманның кәсіби этикасы мен жауапкершілігінің маңыздылығын түсіндіру.
Кездесу барысында кафедра профессор -оқытушы құрамы білім алушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, медициналық қызмет көрсету саласында кездесуі мүмкін жемқорлық тәуекелдері туралы айтылып, олардың алдын алу жолдары талқыланды. Болашақ дәрігерлерге нақты өмірлік жағдайларға негізделген мысалдар ұсынылып, әр жағдай бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, жемқорлықтың қоғамға және денсаулық сақтау саласына тигізетін кері әсері туралы талқыланды.
Кафедра меңгерушісі, профессор Г.Е.Бектенова, сөз соңында осындай кездесулер жас мамандардың адалдық, әділдік, ашықтық, жауапкершілік және кәсіби этика қағидаттарын ұстануға ықпал етеді деп қорытындылады.
Адалдық - сапалы медицинаның негізі!
Жауапкершілік - дәрігер мәртебесінің кепілі!

Пікірлер орны (0)