Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Табиғатқа бір уәде» экологиял...
27 қазан 2026
1
0
0

«Табиғатқа бір уәде» экологиялық акциясы

2026 жылғы 23 қазанда Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы А.Б. Турматованың ұйымдастыруымен 2-курс «Стоматология» білім беру бағдарламасының студенттері арасында «Табиғатқа бір уәде» экологиялық акциясы өткізілді.
Іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясындағы «Eco-Road: Таза болашаққа бірге!» тақырыбы бойынша Шымкент қаласының Орталық саябағында ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақыру, сондай-ақ қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.
Іс-шара барысында студенттер саябақ аумағын тазарту жұмыстарына белсенді қатысып, табиғатты қорғауға қатысты өз уәделері мен ізгі бастамаларын ортаға салды. Олар қоршаған ортаны таза ұстау, табиғи ресурстарды үнемдеу, қоқысты белгіленген орындарға тастау және экологиялық мәдениетті күнделікті өмірде сақтау жөніндегі ой-пікірлерімен бөлісті.
«Табиғатқа бір уәде» акциясы білім алушыларды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндеп, табиғатты қорғау әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін насихаттады. Таза болашақ бүгінгі жасалған игі қадамдардан басталады!

Пікірлер орны (0)