Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Тарих пен тағылым тоғысқан тан...
23 қазан 2026
1
0
0

Тарих пен тағылым тоғысқан танымдық саяхат


Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Дәрілер технологиясы және фармация ісін ұйымдастыру кафедрасының профессор оқытушылық құрамы  және кафедраның тәлімгерлік 6В10106-Фармация БББ 5курс  білім алушылары 25 қазан - Республика күні қарсаңында  Шымкент қалалық тарихи-өлкетану музейіне танымдық саяхат жасап қайтты. Экскурсия барысында қатысушылар өңіріміздің бай тарихымен, мәдени мұрасымен және құнды археологиялық жәдігерлерімен танысты. Музей экспозициялары туған өлкенің өткені туралы мазмұнды мәлімет беріп, білім алушылардың тарихи танымын кеңейтті. Әрбір жәдігер халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Жастар саясаты бөлімі, әлеуметтік мәселелер бойынша бас маманы Баймбетова Б.С. бірлесе жүргізілген бұл іс-шара жастардың ұлттық мұраға деген құрметін арттырып, ерекше әсер сыйлады. Осындай мәдени-танымдық іс-шаралар білім мен тәрбиені ұштастыруда маңызды рөл атқарады.

Пікірлер орны (0)