
2026 жылғы 21 мамыр күні Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы базасында Алаш қозғалысының көсемі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның 160 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік жаршысы, ұлт көсемі» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.
Аталған іс-шараға «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті О.А. Туребаев, аға оқытушы А.Ә. Мырзазия және 2 курс «Медицина» мамандығының студенттері қатысты. Конференция барысында Әлихан Бөкейханның қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы күресі, Алаш қозғалысының тарихи маңызы, ұлттық мемлекеттілікті қалыптастырудағы еңбегі кеңінен талқыланды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға Алаш қайраткерлерінің тағылымды өмірін насихаттау, тарихи сананы қалыптастыру, елжандылық пен отансүйгіштік қасиеттерді дәріптеу, сондай-ақ ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның рухани мұрасын таныту болды.
Конференция аясында қатысушылар баяндамалар тыңдап, тарихи деректермен танысып, өзара пікір алмасты. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұлттық құндылықтар мен тәуелсіздік идеясының маңызы жөнінде мазмұнды әңгіме өрбіді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.