
«Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2026 жылғы 2 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Дәрілер технологиясы және фармакогнозия» кафедрасының тәлімгерлері Нұрбаева С.Е., Иманалиева С.М. және Шойнбаева Г.Б. жетекшілігімен «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы ФҚА-01-22, ФҚБ-01-22, ФО-02-22 топтарының 4 курс студенттері Асанбай Аскаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында сенбілік ұйымдастырды.
Асанбай Асқаров атындағы Шымкент дендрологиялық саябағы – қаланың ең көрікті, экологиялық маңызы жоғары жасыл аймақтарының бірі. Мұнда келушілердің саны жоғары. Мұнда өткізілетін сенбіліктер қала экожүйесін сақтауға және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтуге үлкен үлес қосады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыру және қаланың жасыл аймақтарын абаттандыруға үлес қосу болды. Сонымен қатар, мұндай бастамалар жастардың бірлескен еңбекке баулып, әлеуметтік белсенділігін арттыруға ықпал етеді.
Сенбілік барысында білім алушылар саябақ аумағын қоқыстан тазалап, ағаштардың түбін ретке келтіріп, жасыл желектердің күтіміне атсалысты. Қатысушылар табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, мұндай экологиялық акциялардың жүйелі түрде өткізілуі маңызды екенін жеткізді.
«ОҚМА» АҚ ұжымы мен студенттері алдағы уақытта да осындай қоғамдық-экологиялық іс-шараларға белсенді қатысуды жалғастырып, қаланың көркеюіне өз үлестерін қоса бермек.
