
«Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасында жобалық-бағытталған оқытуды енгізу аясында В-ФҚА-01-22 және В-ФО-02-22 топтарының білім алушылары белсенді қатысуда. Оқыту форматы болашақ фармацевтика саласының мамандарының кәсіби, зерттеушілік және цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған.
Цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру және командалық жұмыстың тиімділігін күшейту мақсатында білім беруді цифрлық қолдау және педагогикалық құзыреттер бөлімі меңгерушісі Наралиева Малика Айбековна «Trello — командадағы жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Сабақ барысында білім алушылар Trello платформасын пайдалана отырып, жобаларды жоспарлау, тапсырмаларды бөлу және орындау мерзімдерін бақылау құралдарын меңгерді.
Сонымен қатар, Спатаев Ибрагим Сынабаевич Библиотекалық-ақпараттық орталықта (БАО) халықаралық ғылыми дерекқорларда ақпарат іздеу және ғылыми әдебиеттерді талдау тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Сабақ барысында білім алушылар Scopus, Web of Science, Google Scholar және басқа да ресурстармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын игерді. Тиімді іздеу сұраныстарын қалыптастыру әдістері, ғылыми жарияланымдарды бағалау критерийлері, дәйексөз көрсеткіштері және жобалық әрі зерттеу жұмыстарын орындауға арналған өзекті дереккөздерді іріктеу қағидаттары қарастырылды.
Кафедрада жобалық-бағытталған оқытуды жүзеге асыру білім алушылардың сыни ойлау, академиялық мәдениет, дербес зерттеу жүргізу және жобаларды тиімді басқару дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Аталған оқыту форматы теориялық білімді практикалық құралдармен ұштастырып, фармацевтикалық істі ұйымдастыру және басқару саласында болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.