Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Туберкулезге қарсы қызметтің 1...
20 қазан 2025
6
0
0

Туберкулезге қарсы қызметтің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2025 жылдың 16-17 қазаны күндері Түркістан қаласының Конгресс-холлында Түркістан облыстық Фтизиопульмонология орталығы мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Фтизиопульмонология және радиология кафедрасы бірлесе отырып, Түркістан облысындағы туберкулезге қарсы қызметтің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференция барысында келесі баяндамалар ұсынылды:
1. Медицина ғылымдарының кандидаты, ОҚМА-ның Фтизиопульмонология және радиология кафедрасының меңгерушісі Касаева Лаззат Татибекқызы – «Бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқаста туберкулез: дәрілік өзара әрекеттестіктер, жанама әсерлер және иммунсупрессия аясындағы сәтті терапия» тақырыбында;
2. Медицина ғылымдарының кандидаты, ОҚМА-ның Фтизиопульмонология және радиология кафедрасының доценті Сергазина Айгуль Орынбасаровна – «Туа біткен туберкулезді емдеудің заманауи мүмкіндіктері: тәжірибе және сәтті нәтиже» тақырыбында;
3. ОҚМА-ның Фтизиопульмонология және радиология кафедрасының ассистенті Усивалиева Салтанат Жамбуловна – «Туберкулезді спондилиттің сәулелік диагностикасы» тақырыбында;
4. ОҚМА-ның Фтизиопульмонология және радиология кафедрасының ассистенті Исмайлова Хасият Халибековна – «Туа біткен туберкулез. Клиникалық жағдай» тақырыбында;
5. ОҚМА-ның Фтизиопульмонология және радиология кафедрасының ассистенті Заварницина Елена Владимировна – «Ішкі фармаконадзор жүйесінде өздігінен келіп түскен жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар негізінде туберкулезге қарсы дәрілердің қауіпсіздік профилін бағалау» тақырыбында.
 Медицина ғылымдарының кандидаты, ОҚМА-ның Фтизиопульмонология және радиология кафедрасының меңгерушісі Касаева Лаззат Татибекқызы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен марапатталды.
Кафедра ассистенті Сейтова Алуа Агитаевна туберкулезге қарсы қызметтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталды.
Жұмыс екі секцияда жүргізілді:
1-секция: «Туберкулезді диагностикалау, емдеу және фтизиатриядағы инновациялық технологияларды енгізудің өзекті мәселелері».
Модератор – Касаева Лаззат Татибекқызы (м.ғ.к., ОҚМА-ның Фтизиопульмонология және радиология кафедрасының меңгерушісі).

Пікірлер орны (0)