Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Туған жеріме - тағзым»
15 мамыр 2026
1
0
0

«Туған жеріме - тағзым»

2026 жылғы 25 сәуірде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясынның Шет тілі кафедрасының ұйымдастыруымен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Туған жерге- тағзым» атты ЖОО арасында республикалық мәнерлеп оқу байқауы онлайн форматта өтті. Мәнерлеп оқу байқауы - студенттердің мәтінді дұрыс, анық, әсерлі әрі эмоциямен оқу шеберлігін көрсететін шығармашылық сайыс. Бұл байқауда қатысушылар өлең, әңгіме немесе көркем шығармадан үзінді оқып, дауыс ырғағын, дикциясын, сезімді жеткізу қабілетін танытады. Мақсаты - оқушылардың тіл байлығын дамыту, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, сахна мәдениеті мен сөйлеу мәнерін қалыптастыру. Сонымен қатар, байқау шығарманы түсініп оқуға және тыңдаушыға әсерлі жеткізуге үйретеді.
Байқауда жеңіске жетіп, республикамыздың 4 ЖОО атынан қатысқан 56 үміткердің арасында көптеген студенттер 1-ші, 2-ші, 3-ші орынға иеленіп, қалған студенттер мен жетекшілер сертификаттармен марапатталды. Байқауға қатысқан студенттерді жеңісімен құттықтап, оларға шығармашылық табыс тілейміз!

Пікірлер орны (0)