
2025 жылдың 31 наурыз күні Психологиялық қызмет және Шет тілдері кафедрасы ұйымдастыруымен ФӨТҚБ 01-25 және ФӨТҚА 01-25 топтарында Time Management «Уақыт менеджменті: жоспарлау мен жауапкершілік» тақырыбында танымдық семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің уақытты тиімді жоспарлау дағдыларын дамыту, оқу мен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға үйрету, сондай-ақ уақытты басқарудың заманауи тәсілдерімен таныстыру болды
Іс-шара барысында қатысушыларға тайм-менеджменттің негізгі қағидалары, уақытты тиімді бөлу әдістері және басымдықтарды дұрыс анықтау жолдары туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, уақытты тиімсіз пайдалануға әкелетін факторлар және прокрастинацияның (кейінге қалдырудың) себептері кеңінен талқыланды
Студенттерге оқу процесін тиімді ұйымдастыру, жеке жоспар құру, нақты мақсаттар қою және оларға кезең-кезеңімен жету жолдары, сондай-ақ тәртіп пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған практикалық кеңестер берілді
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, алған білімдері мен дағдыларын күнделікті өмірде қолданудың маңыздылығын атап өтті.