Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Уақытында көрсетілген көмек –...
28 сәуір 2026
1
2
1

Уақытында көрсетілген көмек – аман қалған өмір

«Отбасылық медицина» кафедрасының ПОҚ жетекшілігімен ІЖТДҚ 26-24 тобының дәрігер-интерндері «Уақытында көрсетілген көмек – аман қалған өмір» ұранымен «Алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында №31 орта білім беретін мектептің 10-11 сынып оқушыларына дәріс ұйымдастырды.
Қазіргі заманда адам өмірінің қауіпсіздігі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Әсіресе күтпеген жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ете білу – әрбір азаматтың міндеті. Сол себепті мектеп оқушыларына алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйрету өте өзекті. Бұл білімдер төтенше жағдайларда адам өмірін сақтап қалуға үлкен көмегін тигізеді.
Алғашқы медициналық көмек – бұл жарақат алған немесе кенеттен ауырған адамға медицина қызметкерлері келгенге дейін көрсетілетін жедел көмек. Оның негізгі мақсаты – зардап шегушінің өмірін сақтау, жағдайын тұрақтандыру және асқынудың алдын алу.

Лекция барысында алғашқы медициналық көмектің негізгі қағидалары түсіндірілді. Лекцияның ерекшелігі – тек теориялық біліммен шектелмей, практикалық жұмыстардың ұйымдастырылуы болды. Оқушылар арнайы муляждар арқылы алғашқы медициналық көмекті тәжірибе жүзінде орындап көрді. Атап айтқанда, олар жүрекке жанама массаж жасау, жасанды тыныс алдыру, таңғыш салу және жарақатты өңдеу тәсілдерін өз қолдарымен орындады. Бұл тәжірибе оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың алған білімдерін жақсы меңгеруіне мүмкіндік берді.
Практикалық сабақ барысында әр оқушыға жеке-жеке назар аударылып, олардың қателіктері түзетіліп отырды. Мұндай әдіс оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып, қиын жағдайда дұрыс әрекет етуге үйретеді.
Сонымен қатар, лекция соңында оқушылармен кері байланыс орнатылды. Оқушылар өз пікірлерін айтып, алған әсерлерімен бөлісті, сұрақтар қойды. Бұл олардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауға және қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Белсенді қатысқан оқушыларға арнайы сыйлықтар табысталып, олардың ынтасы мен қызығушылығы одан әрі арттырылды.
Алғашқы медициналық көмек көрсету – әрбір адамның білуі тиіс маңызды дағды. Бұл білімдер төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі және адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Мектеп оқушыларына мұндай теориялық және практикалық сабақтардың бірге өткізілуі – өте тиімді тәсіл. Болашақта әрбір оқушы осындай білімді өмірде қолдана алады деп сенеміз.

Пікірлер орны (1)
Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы
👍👍👍❤️‍🔥❤️‍🔥