Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Уикипедияға мақала жазу бойынш...
29 наурыз 2026
1
0
0

Уикипедияға мақала жазу бойынша оқыту семинары өтті

Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында «Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері» тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырды. Семинар Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында өткізіліп, қазақ тіліндегі Wikipedia контентін дамытуға бағытталды. Оған Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жас ғалымдары мен оқытушылары қатысты. Оқыту семинарын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Қайыржан Рахымжанов және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы, постдокторант Ақмарал Дауткулова жүргізді. Олар қатысушыларға уикипедияға ғылыми мақалаларды енгізудің негізгі талаптары мен алгоритмдерін, дереккөздермен жұмыс істеу тәсілдерін, ақпараттың нақтылығы мен бейтараптығын сақтау қағидаларын, сондай-ақ мақалаларды рәсімдеу стандарттарын жан-жақты түсіндірді. Семинар барысында қазақ тіліндегі ғылыми контенттің сапасын арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және ашық білім беру кеңістігін дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар алған білімдерін тәжірибеде тиімді қолданып, қазақ тіліндегі уикипедия мазмұнын толықтыруға және оның сапасын арттыруға белсенді үлес қосуға ниетті екендерін білдірді.

Пікірлер орны (0)