
2026 жылғы 18 наурыз Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Шет тілі кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлттық киім күніне орай оқытушылар мен студенттер арасында видеоролик түсірдік. 2024 жылдан бастап Қазақстанда 18 наурыз ресми түрде Ұлттық киім күні болып белгіленді. Ұлттық киім күніне - әр халықтың дәстүрлі киімдерін насихаттап, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді дәріптеуге арналған ерекше күн. Бұл мереке адамдарға өз халқының тарихын, өнерін және рухани құндылықтарын тереңірек тануға мүмкіндік береді. Қазақ халқының ұлттық киімдері ғасырлар бойы қалыптасқан. Киім үлгілері халықтың тұрмыс-тіршілігіне, көшпелі өмір салтына және табиғат жағдайына байланысты жасалған. Киімдер көбіне жүннен, теріден, киізден, жібектен тігілген. Ұлттық киім – халықтың тарихы мен мәдениетінің айнасы. Оны құрметтеу – ата-баба мұрасын сақтау деген сөз. Ұлттық киім күні адамдарға өз дәстүрін мақтан тұтып, ұлттық рухты көтеруге мүмкіндік береді. Қазақтың ұлттық киімдері әсемдігімен, терең мағынасымен және ерекше сәнімен құнды. Бұл мереке ұлттық бірегейлікті сақтауға және қазақ мәдениетін дамытуға бағытталғандығын дәріптеу мақсатында түсірілді.