
18.03.26 ж. күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы және 1 курс Стоматология БББ білім алушыларының ұйымдастыруымен 18 наурыз - «Ұлттық киім күні» мерекесіне орай «Ұлттық киім – ұлт келбеті» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: ұлттық киімнің тарихи-мәдени маңызын насихаттау, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтарын дәріптеу, білім алушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, ұлттық киімдердің ерекшеліктерін таныстыру арқылы жастардың мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру.
Дөңгелек үстел барысында білім алушылар қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері, олардың ерекшеліктері мен мағынасы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, студенттер ұлттық киімнің заманауи қоғамдағы орны мен маңыздылығы жөнінде өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара аясында ұлттық әндер мен күйлер орындалды. Атап айтқанда,
ВМ-СҚқА-02-25 тобының студенті Кужаберген Ерсейт «Көроғлу» күйін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Қорыта айтқанда, аталған іс-шара білім алушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, олардың рухани-мәдени танымын кеңейтуге ықпал етті. Ұлттық киім мен өнерді дәріптеу арқылы жастардың бойында отансүйгіштік сезім қалыптасып, ата-баба мұрасына деген қызығушылығы нығая түсті.