
Бүгін Ұлттық кітап күніне орай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында микробиология, аллергология және иммунология кафедрасымен және жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен «Мұқағали жырларындағы махаббат пен өмір» тақырыбында көркем сөз оқудан сайыс ұйымдастырылды.

Іс-шара академияның кітапханалық-ақпараттық орталығында өтіп, студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталды. Сайысқа 17 студент қатысып, үміткерлер екі кезең бойынша өз бақ сынады.

Қатысушылар ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, олардың өнері дикция, эмоция, сахна мәдениеті және көркемдік шеберлік бойынша бағаланды.

Нәтижесінде үздік қатысушылар І, ІІ, ІІІ орындармен және арнайы номинациялармен марапатталды.
Сонымен қатар, кітапханалық-ақпараттық орталықта ақын шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге Мұқағали мұрасымен тереңірек танысуға мүмкіндік берілді.