
“Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер” кафедрасының аға оқытушысы А.А.Беккулова 2 курс “Стоматология” БББ білім алушыларымен «Ұлттық құндылық және заманауи жастар» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын дәріптеу, ұлттық сана мен рухани тәрбиені нығайту, сондай-ақ заманауи жастардың ұлттық болмысты сақтай отырып, қоғам дамуына белсенді үлес қосуына бағыт беру. Сонымен қатар, жастар арасында патриоттық сезімді арттырып, ұлттық тәрбие мен қазіргі заман құндылықтарының сабақтастығын насихаттау.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ұлттық мәдениет, тіл, салт-дәстүр, отбасылық тәрбие және жастар тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңызы жөнінде пікір алмасты. Білім алушылар өз ойларын ортаға салып, қазіргі қоғамдағы жастардың рөлі мен ұлттық болмысты сақтаудың өзектілігі туралы баяндама жасады.
Іс-шара барысында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бейнематериалдар көрсетіліп, қатысушылар арасында еркін форматта сұхбат ұйымдастырылды. Студенттер қазақ халқының рухани мұрасын сақтау мен оны келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды.
Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтіп, білім алушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға, рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға өз үлесін қосты.
