
“Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер” кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты С.М. Саховтың “Әділет. Рухани жаңғыру” республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық газетінде “Жаңа Ұлттық Құрылтайды қалыптастыруға саяси партияларымыздың мүмкіндігі сәйкес пе?” атты мақаласы жарық көрді. Аталған мақалада автор еліміздегі саяси партиялардың қоғамдағы рөлі, Ұлттық құрылтай институтының маңызы, қоғамдық келісім мен саяси жаңғыру үдерістеріндегі партиялардың мүмкіндіктері мен жауапкершілігі мәселелерін жан-жақты талдаған. Мақалада қазіргі кезеңдегі саяси реформалардың мазмұны, азаматтық қоғамның дамуы, демократиялық құндылықтарды нығайту және Ұлттық құрылтай қызметінің қоғамдық-саяси маңызы кеңінен қарастырылған. Автор ұлттық бірегейлікті сақтау, қоғамдық диалогты күшейту және халық пен билік арасындағы байланысты нығайту бағытында саяси партиялардың белсенділігін арттыру қажеттігін атап өтеді. Аталған мақала кафедра оқытушылары мен студенттері арасында үлкен қызығушылық тудырып, мазмұнды талқылауға арқау болды. Талқылау барысында қатысушылар еліміздегі саяси жаңғыру үдерістері, жаңа қоғамдық институттардың қалыптасуы, азаматтық жауапкершілік пен саяси мәдениетті дамыту мәселелері жөнінде өз пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, мақалада көтерілген идеялардың қазіргі Қазақстан қоғамы үшін өзектілігі ерекше аталып өтті. Кафедра ұжымы мұндай ғылыми-танымдық және қоғамдық-саяси мақалалардың жастардың тарихи санасын қалыптастыруға, азаматтық ұстанымын нығайтуға және ел дамуына қатысты көзқарасын кеңейтуге ықпал ететінін ерекше атап өтті.
