Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Ұстаз жолы – ұлы жол»
6 қазан 2026
1
0
0

«Ұстаз жолы – ұлы жол»

2026 жылғы 5 қазанда «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті С.М. Сахов пен оқытушы А.Б. Турматованың ұйымдастыруымен 1 курс «Стоматология» білім беру бағдарламасының білім алушылары арасында «Толық адам» концепциясын жүзеге асыруға бағытталған «Ұстаз жолы – ұлы жол» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – білім алушыларға ұстаздық еңбектің қоғамдағы маңызын түсіндіру, ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық пен сабақтастықтың мәнін ашу, сондай-ақ тұлғаның адамгершілік, жауапкершілік, білімге құштарлық және еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыру.
Іс-шара барысында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының «Толық адам» концепциясындағы адамгершілік, ғылым-білімге ұмтылу, еңбек ету, ар-ұят және жауапкершілік қағидалары талқыланды. Білім алушылар ұстаздың жас ұрпақтың тұлғалық қалыптасуындағы рөлі туралы өз ой-пікірлерін білдіріп, ұстаз еңбегінің қадір-қасиеті жөнінде пікір алмасты.
Тәрбие сағатының көркемдік бөлігінде білім алушылар ұстаздарға деген құрметі мен алғысын ән, күй және өлең-жыр арқылы жеткізді. Әсем әндер шырқалып, күйлер орындалып, ұстаздық еңбекті дәріптейтін өлеңдер оқылды. Шығармашылық қойылымдар іс-шараның мазмұнын байытып, оған ерекше жылы әрі әсерлі атмосфера сыйлады.
Іс-шара барысында ұстаз еңбегінің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына ерекше назар аударылып, білім алушылардың ұстазға деген құрметін арттыру, ұлттық өнер мен рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында тағылымды ойлар ортаға салынды.
«Ұстаз жолы – ұлы жол» атты тәрбие сағаты білім алушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтып, ұстаз еңбегін бағалауға, ұлттық өнерді құрметтеуге және «Толық адам» идеясын өмірлік ұстаным ретінде қалыптастыруға бағытталған мазмұнды іс-шара болды.

Пікірлер орны (0)