Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Үздік жастар премиясы–2026» м...
24 сәуір 2026
1
0
0

«Үздік жастар премиясы–2026» марапаттау кеші өтті


Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Үздік жастар премиясы – 2026» байқауының марапаттау кеші өтті. Кешті оқу орнының ректоры Жанна Сейтжанова құттықтау сөз сөйлеп ашып, ҰБТ-да 135 балл жинап, академияға ең жоғары көрсеткішпен оқуға түскен Медицина факультетінің 1-курс студенті Мадина Амированы «Үздік талапкер» номинациясымен марапаттады. Сонымен қатар, оқу үлгерімі жоғары, қоғамдық жұмыстарға белсенді Медицина факультетінің 1-курс студенті Гүлперзент Абдықали «Үздік 1 курс студенті» аталымына ие болды.
«Үздік бітіруші» номинациясы Фармация факультетінің 4-курс студенті Мерей Асқарға, Медицина факультетінің 4-курс студенті Мақсат Жұманға және Интернатура факультетінің 2-курс студенті Бақдаулет Ануарбекке табысталды.  
Оқу орнының академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Мария Анартаева «Үздік колледж студенті» номинациясымен 4-курс студенті Рауан Абдраймды марапаттады. «Үздік топ» номинациясы фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығының 02-22 тобына (ФӨТҚБ-02-22) берілді.

Оқу орнының клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры Бекайдар Нұрмашев құттықтау сөз сөйледі. Іс-шарада «Үздік ерікті» номинациясын Фармация факультетінің 3-курс студенті Әсел Камардин, «Үздік спортшы» номинациясын Фармация факультетінің студенті Игнат Стрельников иеленді. 
Сонымен қатар, оқу орнының ғылыми және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Нұрлан Аукенов «Үздік медиа-менеджер» номинациясын Фармация факультетінің 3-курс студенті Досымжан Әсілханға, ал «Үздік жас ғалым» номинациясын Фармация факультетінің 3-курс студенті Райхона Альдековаға табыстады. 
Оқу орнының тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Ербол Сәлім «Үздік студент» номинациясымен Медицина факультетінің 3-курс студенті Шахнозабану Жаналиеваны, «Үздік ұйым» номинациясымен «Birlesu» ұйымын марапаттады.

Пікірлер орны (0)