Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Морфофизиология кафедрасы «Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы бойынша жазбаша аралық бақылауды пәнаралық интеграциямен жүргізу әдісі» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізді.
Семинар барысында анатомия, физиология, гистология, биохимия, сәулелік диагностика негіздері және клиникаға кіріспемен пәнаралық байланысты қамтамасыз ететін интеграцияланған оқыту шеңберіндебілімалушылардың білімі мен құзыреттілігін бағалаудың заманауи тәсілдері талқыланды. Кафедра меңгерушісі Б. Д. Танабаев кіріспе сөз сөйледі.
Кафедраның аға оқытушылары:
1. А.К. Турекулова "Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы";
2. Г. Н. Джубанишбаева "Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасында пәнаралық интеграцияны қолдану";
3. М. С. Ізбасарова "Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы бойынша жазбаша аралық бақылауды жүргізу және бағалау";
4. А. Е. Сәбит "білім беру процесінің сапасын жақсарту бойынша сауалнама нәтижелері" тақырыптарында баяндама жасады.
Баяндамашылар өз сөзінде базалық пәндерді оқытуда клиникалық бағдарланған тәсілді ерте енгізудің маңыздылығын атап өтті. Білімалушылардың тұрақты кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі құралы ретінде пәнаралық интеграцияға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, іргелі және клиникалық білімнің негізінде әзірленген тапсырмалар қолданылатын интеграцияланған практикалық сабақтарды енгізу тәжірибесі ұсынылды. Білімалушылардың клиникалық ойлауы мен кәсіби дағдыларының қалыптасу деңгейін көрсететін аралық бақылауды ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Семинарға қатысушылар пәнаралық тапсырмаларды құруда тәжірибе алмасты, сондай-ақ бақылау нәтижелерін объективті және ашық бағалау критерийлерін қарастырды.
Семинар үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру қағидаттарын іске асырудағы және болашақ дәрігерлерді даярлау сапасын арттырудағы маңызды қадам болды.