13.05 -16.05.2025 ж. күндер аралығында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша Шымкент қаласының білім беру басқармасының бұйрығымен «World skills Shymkent-2025» өңірлік чемпионаты өтті. «World skills Shymkent-2025» өңірлік чемпионаты Шымкент қаласының медицина колледждері арасында «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру мақсатында өткізілді.
«Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» АҚ жанындағы медицина колледжінің атынан «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының 3 курс С-МІҚБ-11-01-22 тобының білім алушысы Байғабыл Ақмерей Бақытбекқызы қатысты. Білім алушыны «Мейіргер ісі-1» кафедрасының оқытушысы Қадырова Жанар Нұржауқызы дайындап, аймақтық чемпионатта ол эксперттер қатарына қосылды.
«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша «World skills Shymkent-2025» өңірлік чемпионаты 3 модульде өтті:
Модуль А. Стационар жағдайында операциядан кейінгі кезеңде науқасқа дәлелденген күтім жасау.
Модуль В. Күндізгі стационар жағдайында жедел бронхиті бар науқасқа шұғыл көмекті жүзеге асыру.
Модуль С. Үй жағдайында егде жастағы науқастың патронажы.
Әр модуль аясында қатысушылар теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті. Бағалауды чек-парақтар бойынша сарапшылар жүргізді, содан кейін қорытындылар шығарылды.
Білім алушы Байғабыл Ақмерей Бақытбекқызы 2 орынды иеленіп, күміс жүлдегер атанды.