«Фармация» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері мен жеделдетілген «Фармация» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері «Фармакогнозия» пәні бойынша өндірістік практиканы «Ынтымақ» базасында өтті.
Өндірістік практиканың негізгі мақсаты – студенттердің дәрістер мен тәжірибелік сабақтар барысында алған теориялық білімдерін бекіту және жетілдіру, дәрілік өсімдік шикізатын өсіру, жинау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қалпына келтіру мәселелері бойынша білім, білік пен дағдыларды меңгеру, дәрілік өсімдіктерді өсірудің негізгі тәсілдерін үйрену.
Практиканың алғашқы күндерінен бастап білім алушылар еңбек қауіпсіздігі ережелерімен, практиканың бағдарламасы және кестесімен таныстырылды. Практика барысында студенттер дәрілік өсімдіктерді өсіру, күтіп-баптау тәсілдерін GACP (Good Agricultural and Collection Practice) – дәрілік өсімдіктерді өсіру мен жинаудың тиісті тәжірибесі қағидаттарына сәйкес меңгерді. Практика кезінде студенттер «Ынтымақ» базасындағы дәрілік өсімдіктер түрлерімен танысып, олардың флористикалық тізімін жасады. Теориялық білімдерін гербарий жасау, жиналған дәрілік өсімдік шикізатын кептіру және сақтау жұмыстарымен ұштастырды.