Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Қамқорлық пен мейірімділік –...
30 қазан 2026
1
0
0

«Қамқорлық пен мейірімділік – әр адамның қоғамдық парызы»

ОҚМА«Жалпы тәжірибелік дәрігер-2» кафедрасының 618 және 625 топ студенттері куратор Б.А. Қуанышевамен бірге «Қамқорлық пен мейірімділік – әр адамның қоғамдық парызы» тақырыбындағы тәрбие сағаты аясында N2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды.

Сапар барысында орталықтағы ардақты қариялар мен ерекше қажеттіліктері бар жандарға арнап ән шырқап, домбырамен күмбірлеген күйлер орындады. Сонымен қатар, Республика күніне орай мазмұнды баяндама оқылып, сауалнама жүргізіліп, денсаулық жағдайларына тексеру жұмыстары ұйымдастырылды.

Кездесу соңында орталық тұрғындарына шағын сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Ақсақалды аталар мен ақ жаулықты әжелердің ақ батасын алып, жүрекке жылулық ұялатқан әсерлі жүздесу өтті.

Пікірлер орны (0)