
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Зайырлы мемлекет – тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Алматы қаласындағы Дінтану орталығы директорының орынбасары, дінтану ғылымдарының PhD докторы Алмасбек Шағырбай арнайы қатысып, жастарға діни сауаттылығын арттырудың, ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдаудың және әлеуметтік желілерде таралатын діни мазмұндағы ақпараттарға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын жеткізді. Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.