Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Жалпы тәжірибе дәрігерлерін да...
16 сәуір 2026
1
0
0

Жалпы тәжірибе дәрігерлерін даярлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Жалпы тәжірибе дәрігері–2» кафедрасына И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының дипломнан кейінгі білім беру факультетінің отбасылық медицина кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Бримкулов Нұрлан Нұрғазыұлы іс-сапармен келді.
Сапар барысында қонақ академия қызметімен танысып, «ОҚМА» АҚ бас ғимаратын, сондай-ақ интернатура деканатын аралады. Интернатура деканы PhD докторы Кемелбеков Қанатжан Сауханбекұлымен, «Жалпы тәжірибе дәрігері–2» кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Досыбаева Гүлжан Нұрбекқызымен және медицина ғылымдарының магистрі Сметова Раушан Аманбайқызымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасындағы «Жалпы дәрігерлік практика» және «Отбасылық медицина» мамандықтарының дамуындағы өзекті мәселелер талқыланды. Жалпы тәжірибе дәрігерлерін даярлауды жетілдіру, заманауи білім беру технологияларын енгізу, сондай-ақ интерндерді тәжірибеге бағытталған оқыту саласында тәжірибе алмасуға ерекше көңіл бөлінді.
Сапардың маңызды бөлігі «Жалпы тәжірибе дәрігері–2» кафедрасының клиникалық базаларының бірі — Асар шағын ауданында орналасқан «Medical City» медициналық орталығына бару болды. Медицина ғылымдарының кандидаты, «Жалпы тәжірибе дәрігері–2» кафедрасының доценті Укбаева Гаухар Сапартайқызы профессорға орталықтың емдеу-диагностикалық процесін ұйымдастыру, материалдық-техникалық базасы, сондай-ақ интерндерді оқыту мен практикалық даярлау үшін жасалған жағдайлармен таныстырып, толық экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында орталықтың құрылымдық бөлімшелері мен олардың мүмкіндіктері көрсетілді.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Бұл бағытта профессор-оқытушылар құрамы мен интерндердің академиялық ұтқырлығын дамыту, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.
Сапар іскерлік және сындарлы жағдайда өтіп, халықаралық байланыстарды нығайтуға және жалпы тәжірибе дәрігерлерін даярлау жүйесін дамытуға маңызды үлес қосты.

Пікірлер орны (0)