Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Жаңа Конституцияның негізгі б...
16 сәуір 2026
1
0
0

«Жаңа Конституцияның негізгі басымдықтары мен қоғамдық маңызы» тақырыбында ашық семинар сабақ өтті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Сабира Төреханқызы Абдрасилова «Жаңа Конституцияның негізгі басымдықтары мен қоғамдық маңызы» тақырыбында ВМ-МҚАБ-05-24 тобының білім алушыларымен ашық семинар сабағын өткізді. Семинар сабақтың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясындағы басты басымдықтарды жан-жақты талдау болды. Айта кетейік, 2026 жылдың 15 наурызында еліміздің жаңа Конституциясы қабылданып, бұл тарихи оқиға Қазақстанның саяси дамуында маңызды бетбұрыс кезеңіне айналды. Семинар сабағы білім алушылардың Әнұранды орындауымен басталды. Одан әрі студенттер Ата заңның негізгі баптарын талқылап, әсіресе мемлекеттік басқару жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерге ерекше назар аударды. Сонымен қатар, Жаңа Конституцияның 1 шілдеден бастап толық күшіне енетіні атап өтілді.

Пікірлер орны (0)