
Жаңа оқу жылының басталуына байланысты «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушылары М.М. Маликов пен А.Б. Турматова 1-курс білім алушыларына арналған ақпараттық-тәрбиелік іс-шара өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жаңа қабылданған білім алушылардың академияның оқу-тәрбие ортасына бейімделуіне ықпал ету, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және ОҚМА қауымдастығының мүшесі ретіндегі жауапкершілігін қалыптастыру.
Іс-шара барысында білім алушылар ОҚМА-ның Жарғысымен, ішкі тәртіп ережелерімен және жатақханада тұру және жүріп-тұру талаптарымен таныстырылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясының негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, білім алушылардың академиялық және қоғамдық ортадағы жауапкершілігі түсіндірілді.
Кездесу барысында Білім күнінің маңызына ерекше назар аударылып, жоғары білім алудың жауапкершілігі, университеттің ішкі тәртібін сақтау, өзара құрмет пен әдептілік қағидаттарын ұстану мәселелері қозғалды.
Кездесу нәтижесінде 1-курс білім алушылары академияның негізгі ережелері мен талаптары туралы қажетті ақпарат алып, оқу үдерісіне және академиялық ортаға бейімделу бойынша түсініктерін кеңейтті.