Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Жаңа туылған нәрестелердегі са...
2 сәуір 2026
1
0
0

Жаңа туылған нәрестелердегі сарғаю тақырыбында семинар өткізілді

Педиатрия – 1 кафедрасының ассистенттері Баймакова Г.Ш., Адильбекова А.Т., және ІПҚ 04-24 тобының дәрігер-интерндерімен «Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжінде» жоспарға сәйкес ЖБО бойынша 01.04.2026 жылы «Жаңа туылған нәрестелердегі сарғаю синдромы» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында білім алушыларға жаңа туған нәрестелердегі сарғаюдың этиологиясы, патогенезі, клиникалық көріністері, диагностикасы және емдеу тәсілдері туралы толық әрі жан-жақты ақпарат берілді. Физиологиялық және патологиялық сарғаю түрлері, олардың ерекшеліктері мен асқыну қаупі кеңінен талқыланды.
Білім алушылар сарғаю синдромының даму механизмдерін талдап, қазіргі заманғы диагностикалық әдістермен танысты. Сонымен қатар, билирубин алмасуының ерекшеліктері мен жаңа туған нәрестелердегі қауіп факторлары қарастырылды.
Семинардың практикалық бөлімінде білім алушылар клиникалық жағдайларды талдау арқылы дифференциалды диагностика жүргізу дағдыларын жетілдірді. Бұл олардың теориялық білімдерін бекітіп, клиникалық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
Өткізілген семинар білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, педиатрия саласындағы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді.

Пікірлер орны (0)