
2025 жылғы 9 қазан күні сағат 16:00-де ВМ-МКБ 02-25 топ білім алушылары шет тілдері кафедрасының оқытушыларымен бірге Астана жастар театрының актерлері қойған «Жанарымдағы жалғыз әуен» атты музыкалық театр қойылымына барды. Қойылымның негізгі идеясы – балалық шаққа деген сағыныш, ауыл өмірі, ата-әжеге деген сағыныш және тағы басқа жүрекке жақын тақырыптар болды. Театрға барудың басты мақсаты – рухани және мәдени даму еді.
Театрда болған кезде студенттер өздерінің ішкі жан дүниесін байытып, қойылым оларды өмір, махаббат, әділдік, ар-намыс сияқты мәңгілік құндылықтар туралы ойлануға итермеледі. Актерлердің шынайы әрі әсерлі ойынының арқасында студенттер қуаныш, мұң, махаббат, үміт, қорқыныш сияқты түрлі эмоцияларды сезіне алды.Білім алушылар тірі өнердің атмосферасына ену арқылы кино немесе кітаппен салыстырғанда мүлде өзгеше әсер алды.Біздің білім алушылар үшін бұл – ортақ сезімді оятатын, достармен қарым-қатынасты нығайтатын, сонымен қатар бос уақытты мәнді әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік беретін мәдени тәжірибе болды.