
2025 жылдың 7 қазанында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкент қаласы, Лермонтов көшесі, 174 мекенжайында орналасқан қарттар үйінде «Жақсылық жасау – жан байлығы» атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Іс-шараға «Фармация» және «Медицина» факультеттерінің 1-курс студенттері қатысып, концерттік бағдарлама ұсынып, сый-сияпаттар табыс етті. Бағдарлама барысында домбырада күй шертіліп, «Жан сырым», «Ана», «Атамекен» әндері орындалды, қазақ биі мен жастардың флешмобы көрермендер көңілінен шықты.
Іс-шара жылы әрі мейірімді атмосферада өтті. Студенттер қарттарға қуаныш пен қамқорлық сыйлап, көңіл жылуын тарту етті. Көрермендер ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Мұндай іс-шаралар болашақ дәрігерлердің бойында адамгершілік, мейірімділік және үлкенге құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.