Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Жас ғалымдар мен студенттердің...
18 қазан 2025
4
0
0

Жас ғалымдар мен студенттердің ІІІ Халықаралық форумы

Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында жас ғалымдар мен студенттердің ІІІ Халықаралық форумының ресми ашылуы өтті. Ауқымды ғылыми іс-шараны академияның ғылыми және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрлан Аукенов құттықтау сөзбен ашты. Ол форумның өзектілігі мен ғылым мен білім саласындағы маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ресми ашылу рәсімінен кейін форум пленарлық отырыспен жалғасын тапты. Алғашқы баяндаманы С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Ильдар Фахрадиев жасады.
Форум аясында төмендегі тақырыптарда да мазмұнды баяндамалар ұсынылды:
• Огай Вячеслав – «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС-нің бас ғылыми қызметкері: «3D-жасушалық модельдер: жекелендірілген медицина үшін жаңа платформа»;
• Сейітжан Сыпабеков – «Galamat Group» компаниясының бас директоры: «Қазақстандағы MedTech және iHealth: Мүмкіндіктері мен болашағы»;
• Керим Мутиг – Сеченов университетінің фармакология кафедрасының профессоры, нефрология саласының маманы: «Нефропротекцияға заманауи көзқарастар».
Сонымен қатар, пленарлық мәжілісте:
• Елена Морозова – өндірістік бөлім басшысы, келісімшарттық өндіріске жауапты менеджер: «Дәрілік заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі GMP рөлі»;
• Самат Баяхметов – Назарбаев Университетінің Ғылым және технологиялар мектебі жанындағы зертхананың ассистенті: «Медицина мен фармацевтиканы жаңғыртудағы синтетикалық биология» тақырыбында баяндама жасады.
Форумға халықаралық қатысушылар да белсенділік танытты. Атап айтқанда, Үндістанның Майсур қаласындағы JSS фармацевтика колледжінің профессоры Dr. Gurupadayya өз тәжірибесімен бөлісті. «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Еркінбаев та баяндама жасады.

Пікірлер орны (0)