Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Жасанды интеллект құралдарын қ...
26 ақпан 2026
1
0
0

Жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып өткізілген ӘМСҚ қызметтер пакеті бойынша ашық дәріс

«Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедрасында 6B10101 «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 5-курс білім алушыларына «МӘМС және медициналық құқық» пәні бойынша ашық дәріс өткізілді. Дәріс тақырыбы: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметтер пакеті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасы шеңберінде қызметтерді сатып алу ерекшеліктері»
Дәріс МӘМС және медициналық құқық оқу курсы аясында ұйымдастырылып, студенттердің медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің құрылымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді сатып алу тетіктері туралы жүйелі түсінігін қалыптастыруға бағытталды.
Ашық дәрістің мақсаты – студенттердің қызметтер пакетін қалыптастыру қағидаттары, пациенттерді бағыттау алгоритмі және медициналық қызметтерді қаржыландыру ерекшеліктері жөніндегі практикалық-бағдарлы түсінігін дамыту, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінде жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктерін көрсету.
Дәріс лекция-диалог форматында, цифрлық құралдарды көрсету және интерактивті кері байланыс элементтерімен ұйымдастырылды.
Сабақ барысында заманауи жасанды интеллект құралдары мен цифрлық платформалар қолданылды:
• мәтіндік ЖИ-көмекші ChatGPT — сақтандыру сценарийлерін модельдеу және ТМККК мен МӘМС пакеттерінің қолжетімділігін талдау үшін;
• Gamma платформасы арқылы визуалды контент дайындау;
• Қазақстанның цифрлық сервистерін көрсету (Qoldau 24/7);
• интерактивті Mentimeter платформасы — студенттердің білімін жедел бағалау және кері байланыс жүргізу үшін.
Студенттердің ерекше қызығушылығын «Сақтандыру жағдайлары бойынша ИИ-консультант» практикалық блогы тудырды.
Дайындалған сценарийлер арқылы пациенттің сақтандыру мәртебесін және қолжетімді қызметтер пакетін анықтау жағдайлары модельденді. Студенттер шетелдік студенттер, жарна төлемеген жеке кәсіпкерлер, тұруға ықтиярхаты жоқ азаматтар және басқа да клиникалық жағдайларды талдап, ЖИ көмегімен негізделген шешімдер қабылдады.
Сонымен қатар, түпкілікті клиникалық-құқықтық шешім әрқашан дәрігердің құзыретінде қалатыны ерекше атап өтілді. Талқылау барысында келесі қағида айтылды:
«Жасанды интеллект дәрігерді алмастырмайды, бірақ ЖИ қолданатын дәрігер оны қолданбайтын дәрігерді алмастырады».
Студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында Mentimeter платформасы арқылы интерактивті сессия ұйымдастырылды. Студенттер:
• ТМККК мен МӘМС айырмашылықтары;
• пациентті бағыттау алгоритмі;
• медициналық қызметтерді төлеу тетіктері;
• денсаулық сақтауда ЖИ қолданудың мүмкіндіктері мен шектеулері
бойынша сұрақтарға жауап берді.
Сауалнама нәтижелері материалдың жоғары деңгейде меңгерілгенін және аудиторияның белсенді қатысқанын көрсетті.
Өткізілген ашық дәріс білім беру процесіне жасанды интеллект құралдарын енгізудің тиімділігін көрсетті. Цифрлық технологияларды пайдалану студенттердің аналитикалық ойлауын дамытуға, ЖИ құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға және медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алу тетіктерін терең түсінуге ықпал етті.
Ашық сабақ болашақ денсаулық сақтау мамандарын даярлауда инновациялық білім беру тәсілдерінің өзектілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Пікірлер орны (0)