Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Жастар, медицина және елдің б...
31 наурыз 2026
1
0
0

«Жастар, медицина және елдің болашағы» атты республикалық форум өтті

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде университет басшылығы, медицина саласының ардагерлері, жас ғалымдар, студенттік ұйымдардың өкілдері және БАҚ қатысуымен іс шара өтті. Форумның басты мақсаты — өткен республикалық референдумның қорытындыларын талқылау, оның ел болашағы мен денсаулық сақтау жүйесіне тигізетін әсерін саралау. Жаңа саяси жағдайдағы медициналық білім берудің рөлі мен жастардың белсенділігін арттыру мәселелері.
Іс-шараға ОҚМА АҚ жанындағы медицина колледжінің ЖББП кафедрасының меңгерушісі А.Т.Сатаев қатысып, референдум арқылы енгізілген өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесіне, соның ішінде денсаулық сақтау саласына оң ықпалы жайлы баяндама жасады.
Елдегі саяси науқан кезінде белсенділік танытып, денсаулық сақтау саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқаны үшін А.Т.Сатаев «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапат — тек кәсіби біліктіліктің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. 
Референдум кезіндегі белсенділігіңіз бен жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырғаныңыздың лайықты бағалануы — біз үшін үлкен мақтаныш. Еңбегіңіз жана берсін, абыройыңыз асқақтай берсін!

Пікірлер орны (0)