Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Жастарға тәрбие беру мен құқы...
15 сәуір 2026
1
0
0

«Жастарға тәрбие беру мен құқықбұзушылықтың алдын-алу және харассмент» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.Ә. Мырзазия 1 курс студенттерімен «Жастарға тәрбие беру мен құқықбұзушылықтың алдын-алу және харассмент» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студент жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу жолдарын жан-жақты түсіндіру, сондай-ақ харассмент ұғымының мәнін ашып көрсету және оның түрлері мен салдары туралы ақпарат беру болды. Сонымен қатар, білім беру ортасында қауіпсіз, сыйластыққа негізделген қарым-қатынас қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел барысында жастар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық жағдайлары, олардың себептері мен алдын алу тетіктері талқыланды. Студенттер өз ойларын ортаға салып, нақты өмірлік жағдайларға қатысты сұрақтар қойып, белсенді пікір алмасты. Қатысушыларға құқықтық жауапкершілік, жеке шекара, академиялық ортадағы этикалық нормалар туралы жан-жақты түсіндірме берілді.
Шара соңында студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамдағы жағымсыз құбылыстардың алдын алу бағытында тұрақты түрде осындай кездесулер өткізу қажеттілігі атап өтілді.

Пікірлер орны (0)