Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Жауапкершілік, әділдік және об...
13 қазан 2026
1
0
0

Жауапкершілік, әділдік және объективті бағалау: фтизиопульмонология және радиология кафедрасы резиденттерге арналған академиялық адалдық бойынша семинар өткізді

2026  жылдың 13 қазанында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Фтизиопульмонология және радиология кафедрасының ұйымдастыруымен РРДҚ-01-26, РРДҚ-02-26, РРДҚ-03-26, РРДҚ-04-26, РРДҚ-05-26, РРДҚ-06-26 резиденттері, және ПОҚ арасында «Бағалау, емтихан, грант, жатақхана және білім беру ұйымдарына қабылдау жағдайларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты түсіндіру іс-шаралары» тақырыбында кафедраның оқытушысы Усивалиева Салтанат Жамбылқызы 
семинар  өткізді. 
Академиялық адалдық дегеніміз – білім алушы оқу барысында шыншыл, әділ және жауапкершілікпен әрекет етуі. Яғни, білім алушы тапсырманы өз бетімен орындауы, емтиханда көшірмеуі, плагиат жасамауы, басқа адамның еңбегін өзінікі ретінде көрсетпеуі және пайдаланған ақпараттың дереккөзін дұрыс көрсетуі керек. Бұл тек білім алушыға ғана қатысты емес. Оқытушылар да бағалауды әділ жүргізуге, білім алушылардың еңбегін объективті бағалауға және академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыруға жауапты. Сонымен қатар, білім алушыларға академиялық адалдық қағидаларын түсіндіру, оқу процесінде әділдік пен жауапкершілікті сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ емтихан сессиясы кезінде академиялық құқықбұзушылықтардың (плагиат, көшіру, алдау) алдын алу.
Әсіресе, медицина саласында академиялық адалдықтың маңызы өте жоғары. Болашақ дәрігер оқу кезінде алған білімін кейін науқастармен жұмыс барысында қолданады. Сондықтан білім алушылардың емтиханнан қалай да жоғары баға алуы емес, білімді шынайы меңгеруі маңызды. Көшіріп алған баға болашақ маманның нақты білімін көрсете алмайды.
Қысқаша айтқанда, Академиялық адалдық лигасы - Қазақстандағы жоғары оқу орындарында адал білім алуды, әділ бағалауды, плагиатқа жол бермеуді және білім сапасын арттыруды көздейтін ұйым. Оның жұмысы білім алушының тек диплом алуына емес, шынайы білім мен кәсіби құзыреттілікке ие болуына бағытталған.

Пікірлер орны (0)