Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Жеке микробиология, вирусолог...
3 наурыз 2026
1
0
0

«Жеке микробиология, вирусология және паразитология» пәні бойынша оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізілді

2026 жылдың 16–27 ақпан аралығында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті базасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Жеке микробиология, вирусология және паразитология» пәні бойынша оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізілді.
Аталған бағдарламаға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы микробиология, аллергология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Б.Т. Сейтханова қатысты.
Академиялық ұтқырлықтың негізгі мақсаты – медициналық жоғары оқу орындары арасындағы білім беру тәжірибесімен алмасу, оқу процесіне заманауи оқыту технологияларын енгізу және білім алушылардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру болды.
Сапар барысында студенттерге тәжірибелік және зертханалық сабақтар өткізілді. Оқу процесінде патогенді микроорганизмдердің биологиялық қасиеттері, жұқпалы аурулардың зертханалық диагностикасының заманауи әдістері, оның ішінде ПТР және серологиялық зерттеу тәсілдері қарастырылды. Сонымен қатар клиникалық жағдайларды талдау жүргізіліп, микробиологиялық зертханалық жұмыстарды орындау алгоритмдері көрсетілді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында кафедрааралық тәжірибе алмасу жүзеге асырылып, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және ғылыми-білім беру ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Бағдарлама қорытындысы бойынша оқытушылар мен білім алушылар арасында пікір алмасу өткізіліп, оқу процесіне инновациялық білім беру технологияларын енгізу мүмкіндіктері қарастырылды.
Сапар қорытындысы бойынша жоғары оқу орындары арасындағы білім беру және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін профессор Б.Т. Сейтханова С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті тарапынан алғыс хатпен марапатталды.

Пікірлер орны (0)