
20.04.2026 жылы медбиофизика және АТ кафедрасында ВМ-МҚқАБ-04-25 топтарының білім алушылары биостатистика пәні бойынша өздерінің жобалық жұмыстарын сәтті қорғады!
Білім алушылар заманауи және өзекті тақырыптарды қамтып, денсаулық пен өмір салтына әсер ететін факторларды биостатистикалық әдістер арқылы талдады:
1. Электронды темекінің өкпе қызметіне әсері.
2. Кофеин тұтыну мен жүрек соғысы жиілігінің байланысы.
3. Әлеуметтік желілерді пайдалану деңгейі студенттердің оқу үлгеріміне әсері.
4. Мектеп оқушыларының арасында Қытай өнімдерін жиі тұтыну зияны.
Жоба барысында білім алушылар сауалнама жасап, нәтижелерін жинақтап, статистикалық талдау жүргізіп, нақты ғылыми қорытынды жасап, ұсыныстар ұсынды. 10 күндік жұмыстарының барлығын Trello тақтасында жүктеп отырды. Бұл олардың зерттеушілік қабілеттерін дамытып, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алу деңгейін көрсетті.
Барлық қатысушыларды сәтті қорғаумен құттықтаймыз және алдағы ғылыми жетістіктерге шабыт тілейміз!