Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Зорлық-зомбылық жағдайларында...
3 қазан 2025
13
0
0

«Зорлық-зомбылық жағдайларында қорғау және өтемақы алу құқығы»

2025 жылдың 3 қазанында сағат 10:00-де 5-ші оқу корпусының 422-аудиториясында Шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен ВМ-МОБ-11-25 және ВМ-МҚБ-04-25 топтарының студенттері үшін «Сана Сезім» қоғамдық бірлестігінің жаттықтырушылары Р.Худайшукурова және Э. Еникеевамен кездесу өтті. Кездесу «Сексуалдық қанау және зорлық-зомбылық жағдайларында қорғану және өтемақы алу құқықтары» тақырыбына арналды. Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – студенттерге сексуалдық және еңбек қанауы құрбандарының құқықтары туралы жан-жақты ақпарат беру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ зардап шеккендерді қорғау, қолдау және өтемақы алу механизмдерімен таныстыру болды. Іс-шара барысында қатысушылар адам құқықтары саласындағы ұлттық және халықаралық стандарттармен танысып, сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, қанау және әділеттікке қол жеткізу мәселелері туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, полиция, әлеуметтік қызметтер, медицина мекемелері және үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) атқаратын рөлі кеңінен талқыланды.

Пікірлер орны (0)