- "Қазақстан-2050" Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.
- Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал адалдық пен сатылмаушылық мінез – құлық нормасына айналуы тиіс.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады.
- Тек ерте жастан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарын енгізу ғана бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының 2015-2025
жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа
қарсы стратегиясы.