Войти
Басты бет Факультеттер "Жалпы тәжірибелі дәрігер-3" кафедрасы
Мәзір
Негізгі ақпарат
Қызметкерлер
УМКД

"Жалпы тәжірибелі дәрігер-3" кафедрасы

"Жалпы тәжірибелі дәрігер-3" кафедрасы

Кафедра тарихы


«ОҚМА» АҚ Ғылыми Кеңесінің 2023 ж. 27 маусымдағы №12 хаттамасы негізінде №70ө бұйрығына сүйене отырып, 2023 ж. 01 қыркүйектен бастап, "Жалпы тәжірибелі дәрігер-3" кафедрасы өз қызметін бастады. Кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Оспанов Қадыр Ескермесович тағайындалды.
Қазіргі уақытта кафедра ұжымы құрамында 1 медицина ғылымдарының докторы, 3 медицина ғылымдарының кандидаты және 5 аға оқытушылар жұмыс істейді. " Жалпы тәжірибелі дәрігер-3" кафедрасы 6В10101 – "Жалпы тәжірибелі дәрігер" мамандығы бойынша білім беретін кафедра болып табылады.

 

Кафедраның мақсаты:
-Жалпы тәжірибелік дәрігер мамандарын алғашқы медико-санитарлық жәрдем жүйесінде дайындау;


Кафедраның міндеттері:
- ОҚМА-ның мақсаты мен саясаты төңірегінде кафедра құзіреттілігі шеңберінде жүзеге асыру;
- Сапа менеджмент жүйесінің талаптарын орындау;
- Академиялық ұтқырлықты кеңейту;
-Білім мен ғылымды интеграциялау, білім алушыларды ғылыми жұмысқа тарту;
- Халықаралық білім және ғылым стандарттарының талаптарына жауап беретін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау;

 

Білім беру бағдарламасы:
1. Жалпы медицина


Негізгі оқу пәндері:
1.Амбулаторлы-емханалық педиатрия
2.Амбулаторлы-емханалық терапия
3.Амбулаторлы-емханалық кардиология
4.Превентивті педиатрия

Пәндер қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Оқытылатын пәндердің жаңартылуы жыл сайын қаралады және оқу-әдістемелік кешен,тәжірибелік сабақ материалдары,бақылау-өлшегіш құралдары жаңартылып отырады.

 

Тәжірибелер базасы
Жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында кафедра үнемі клиникалық базалармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Кафедра ұжымы әр түрлі саладағы мамандармен толықтырылған: жалпы тәжірибелі дәрігер,педиатр,кардиолог,рентгенолог.Кафедраның клиникалық базалары: «Ай-нұры» МО бас ғимаратында орналасқан.
Кафедра ұжымымен оқу үрдісіне және тәжірибелік денсаулық сақтау жұмысына белсенді түрде ішкі патологияларды диагностикалау мен емдеудің тиімді технологиясы енгізіледі,интерндер мен дәрігерлер үшін білім беру семинарлары мен шебер-сыныптары өткізіледі.ПОҚ қала науқастарына тұрақты, арнайы кеңестік көмек көрсетеді.

Кафедраның ғылыми жұмысы
Кафедра ПОҚ әр түрлі бағытта ғылыми ізденіс жұмыстары өткізіледі және оқу үрдісіне жаңа клиникалық және педагогикалық технологиялар енгізіледі.
Кафедраның жүйелік профессорлық-оқытушылық құрамы баяндама және жарияланымдарымен республикалық, халықаралық ғылыми конференцияларға қатысады. Интерндер студенттік ЖОО-аралық, аймақтық, республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысады.
Ғылыми қызығушылықтар: терапия, педиатрия, кардиология, рентгенология .

Байланыс

Мекен-жайы: Шымкент қ., Балапан ата 22/1, МО «Ай-нұры» бас ғимараты, 3-қабат, 1,2-оқу бөлмесі,оқытушылар бөлмесі.
E-mail: kvop3@mail.ru
Оспанов Кадыр Ескермесович
Оспанов Кадыр Ескермесович
каф.мең.,м.ғ.к. доцент.м.а
Жанадилов Шайзинда
Жанадилов Шайзинда
м.ғ.д.доцент. м.а.
Джакипбекова Зулпия Камитбековна
Джакипбекова Зулпия Камитбековна
м.ғ.к.доцент. м.а.
Айтбайұлы Батеш
Айтбайұлы Батеш
доцент м.а.
Баймакова Гулнур Шуленовна
Баймакова Гулнур Шуленовна
ассистент
Онласбекова Гулжанат Махсатбековна
Онласбекова Гулжанат Махсатбековна
ассистент
Шуашева Елизавета Абылгазаевна
Шуашева Елизавета Абылгазаевна
ассистент
Оралбек Айжан Оралбекқызы
Оралбек Айжан Оралбекқызы
ассистент
Тилеубергенова Улбала Ергалиевна
Тилеубергенова Улбала Ергалиевна
ассистент
Конусова Акнур Лесбековна
Конусова Акнур Лесбековна
аға лаборант
Махатай Динара Жабайбековна
Махатай Динара Жабайбековна
лаборант