Войти
Басты бет Факультеттер Интернатура деканаты
Мәзір
Негізгі ақпарат
Қызметкерлер

Интернатура деканаты

Интернатура деканаты

Интернатура

Интернатура — базалық медициналық білім беру бағдарламаларын (бакалавриат) аяқтаған тұлғаларды клиникалық мамандықтар бойынша даярлаудың міндетті кезеңі болып табылатын медициналық кадрларды даярлау нысаны. Интернатура клиникалық практикаға жіберудің негізгі шарты болып саналады.

Интернатураны аяқтағаннан кейін түлек таңдаған мамандығына сәйкес дәрігер біліктілігін алады, бұл оның дербес медициналық қызметті жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясындағы интернатура қазіргі заманғы медициналық практиканың талаптарына жауап беретін, денсаулық сақтау жүйесінде тиімді жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті, клиникалық тұрғыдан сауатты мамандарды даярлауға бағытталған.

Құрылу және даму тарихы

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясындағы интернатураның тарихы медициналық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуын көрсетеді:

  • 2008 жылғы 6 қазанда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы ректорының №73-п бұйрығымен Түлектерді интернатураға даярлау және жұмысқа орналастыру бөлімі дербес құрылымдық бөлімше ретінде құрылды.
  • 2013 жылғы 28 тамызда Ғылыми кеңестің шешімімен (№1 хаттама) бөлім таратылды.
  • 2014 жылғы 29 тамызда Ғылыми кеңестің шешімімен (№1 хаттама) Түлектерді интернатураға даярлау және жұмысқа орналастыру бөлімі Үздіксіз кәсіби білім беру ғылыми-білім беру орталығының құрамында қайта ашылды.
  • 2019 жылғы 28 тамызда Ғылыми кеңестің шешімімен (№1 хаттама) құрылым Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканаты болып қайта аталды.
  • 2025 жылғы 30 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы ректорының №154-ө бұйрығымен құрылым қайта ұйымдастырылып, дербес бөлімшелер құрылды:
    • Интернатура деканаты
    • Мансап бөлімі

 

Әр жылдардағы бөлім басшылары

  • 2008–2009 жж. — медицина ғылымдарының кандидаты Нурмашев Бекайдар Қалдыбайұлы
  • 2009–2019 жж. — медицина ғылымдарының кандидаты Досыбаев Бақытжан Қырықбайұлы
  • 2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін — философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Кемельбеков Канатжан Сауханбекович

 

Интернатураның білім беру бағдарламалары

Қазіргі уақытта Интернатура деканаты келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады:

  • Жалпы практика дәрігері
  • Педиатрия
  • Балалар хирургиясы
  • Хирургия
  • Акушерлік және гинекология
  • Терапия
  • Стоматология

 

Деканат қызметінің мақсаты

Интернатура деканатының негізгі мақсаты — интернатурадағы оқу процесін тиімді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ болашақ дәрігерлердің практикалық даярлығының сапасын арттыру.

 

Негізгі мақсаттары

  • Интернатурадағы оқу процесін ұйымдастыру және бақылау
  • Түлектердің практикалық даярлығын жетілдіру
  • Дәрігер-интерндердің дербес медициналық қызметке дайындық деңгейі мен кәсіби біліктілігін арттыру

 

Негізгі міндеттері

  • Белгілі медициналық мамандықтар бойынша дәрігер-интерндерді даярлаудың білім беру бағдарламаларын енгізу
  • Интернатурадағы оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру
  • Оқытудың заманауи нысандары, әдістері мен технологияларын енгізу
  • Бейіндік кафедралар жүзеге асыратын оқу процесіне мониторинг және бақылау жүргізу
  • Аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелері негізінде интерндерді даярлау сапасын талдау
  • Интерактивті әдістер мен инновациялық білім беру технологияларын қолдану арқылы оқу процесін жандандыру
  • Білім беру процесінің сапасына қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында дәрігер-интерндерге сауалнама жүргізу және алынған деректерді талдау
  • Түлектердің білім деңгейін бағалау бойынша профессорлық-оқытушылық құрамға сауалнама жүргізу

 

Қызметтің негізгі бағыттары

  • Интернатура деканаты туралы ережені әзірлеу және өзектендіру
  • Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес дәрігер-интерндерді қабылдау, ауыстыру және қайта қабылдауды жүзеге асыру
  • Интерндердің сандық және сапалық құрамына қатысты деректер базасын қалыптастыру және жүргізу
  • Интерндердің қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру және өткізу, оның нәтижелерін талдау
  • Емдеу-профилактикалық ұйымдармен тікелей байланыстар орнату және дамыту
  • Бөлімше қызметкерлерін марапаттауға арналған материалдарды дайындау
  • Деканат қызметкерлерінің демалыс кестесін жасау, іссапарларды есепке алу
  • Деканат қызметіне қатысты өтініштерді, арыз-шағымдарды қарау
  • Деканат қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу
  • Қызметкерлерді нормативтік-құқықтық, директивалық және өкімдік құжаттармен таныстыру

 

Дәрігер-интерндерді даярлауға қатысатын кафедралар

Дәрігер-интерндерді даярлау төмендегі кафедралардың қатысуымен жүзеге асырылады:

1.     Инфекциялық аурулар кафедрасы

2.     Неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасы

3.     Жалпы тәжірибелік дәрігер және дерматовенерология кафедрасы

4.     Жалпы тәжірибелік дәрігер– 2 кафедрасы

5.     Жалпы тәжірибелік дәрігер– 3 кафедрасы

6.     Акушерлік және гинекология кафедрасы

7.     Отбасылық медицина кафедрасы

 

Байланыс

Мекен-жайы: Шымкент.қ, Әл-Фараби алаңы 1/1, негізгі оқу ғимараты, 1-қабат, 125-каб.
Тел: Тел: (87252) 39-57-57 (ішкі номер: 1024)
Email: internatura_med@mail.ru
Кемельбеков Қанатжан Сауханбекұлы
Кемельбеков Қанатжан Сауханбекұлы
философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, декан
Сабуров Алишер Раджапбаевич
Сабуров Алишер Раджапбаевич
Декан орынбасары
Досполова Эльмира Макулбековна
Досполова Эльмира Макулбековна
Аға әдіскер
Кенжеева Гульназия Исатайқызы
Кенжеева Гульназия Исатайқызы
Аға әдіскер