Кафедра тарихы
Кафедра 2007 жылы «ОҚММА» кезінде «Емхана-2» кафедрасы болып ашылды.
2009 жылы 1-қыркүйектен бастап академияның қайта құрылуына байланысты «Емхана» кафедрасы болып аталды.
2012-2013 оқу жылдары кафедраға: медициналық жедел жардем, акушерлік-гинекология, тіршілік қауіпсіздігі негіздері курстары қосылуына байланысты кафедра «Алғашқы санитарлық медициналық жәрдем және акушерлік-гинекология курсымен» кафедрасы болып аталды. 2017 ж. «Алғашқы санитарлық медициналық жәрдем-1» кафедрасы болып өзгертілді. 2018 ж. сәуірінен бастап кафедрада «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандарын дайындау барысында, «Жалпы медицина» БББ интернатура деңгейінің негізгі макро, микро циклдары және 5 курс «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәндерінің кафедрада оқытылуына байланысты «Жалпы тәжірибелі дәрігер-1» кафедрасы болып аталып келеді.
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедрада оқытылатын пәндер қатарына «Дерматовенерология» пәні қосылып, кафедра атауы «Жалпы дәрігерлік практика және дерматовенерология» болып өзгерді.
Кафедры мақсаты:
Әр қаралған науқастың жасына және жынысына, сонымен қатар ауруының сипатына қарамастан оның жанұялық, өмір сүріп жатқан қоғамдағы ерекшеліктерін, мәдениетін ескере отырып үздіксіз медициналық көмекпен қамтамасыз ету, жауапкершілігіне қабілетті алғашқы медициналық – санитарлық жәрдем көрсету жүйесінде қызмет жасай алатын жалпы тәжірибелі дәрігер дайындау.
Кафедрада тарихында оқытылған пәндер:
•медициналық жедел жардем,
•акушерлік-гинекология,
•тіршілік қауіпсіздігі негіздері;
Кафедрада оқытылатын пәндер:
• «Стоматалогия» мамандығы 4 курс :
«Дерматовенерогия» қазақ , орыс тілдерінде
• «Педиатрия» мамандығы 5 курс:
«Балалар дерматовенерогиясы» қазақ , орыс тілдерінде
• «Жалпы медицина» 5 – курс:
«Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде;
• «Жалпы медицина» интернатура 6 – курс:
«Амбулаторлы емханалық педиатрия»
«Амбулаторлы емханалық терапия»
Таңдау компоненті:
«Амбулаторлы емханалық кардиология»
«Превентивті педиатрия» ;
• «Жалпы медицина» интернатура 7 – курс:
«ЖДТ-гі балалар аурулары»
«ЖДТ-гі ішкі аурулар»
Таңдау компоненті:
«ЖДТ-гі гериатрия»
«АМСК деңгейіндегі Экстрогенитальды патология»
Пәндер қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Резидентура «Педиатрия» мамандығы:
«Балалар дерматовенерологиясы»
Пәндердің оқу-әдістемелік кешені, тәжірибелік сабақ материалдары және бақылау- өлшегіш құралдары әр жаңа оқу жылы басында қайта қаралып, толықтырылып отырады.
Кафедра Миссиясы:
«Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының (бұдан әрі – ББ) миссиясы, БМСК деңгейінде медициналық көмек көрсететін және үздіксіз кәсіби дамуға дайын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
ББ миссиясы "Жалпы медицина" білім беру бағдарламасының комитетімен ұсынылған, 2018 ж. қаңтар айында жұмыс берушілермен дөңгелек стөлде талқыланған. ББ Миссиясымен кафедра қызметкерлері, студенттер, дәрігер-интерндер, клиникалық базалар басшылықтары және практикалық денсаулық сақтау өкілдері таныстырылды. Білім берудің медициналық ұйымдары білім беру бағдарламасының миссиясын қоғам денсаулығының қажеттілігі, медициналық көмек көрсету жүйесінің талаптары негізінде және әлеуметтік жауапкершіліктің басқа да аспектілеріне сәйкес айқындауы тиіс.
«Жалпы медицина» ББ бакалавриат және интенатура деңгейінде оқытуды көздейді. ББ миссиясы интернатура түлегінің құзыреттілігін және салалық біліктілік шеңберіне сәйкес біліктілік деңгейін ескере отырып әзірленген.
Миссияны әзірлеу кезінде денсаулық сақтау саласына «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандарының қажеттілігі және «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығы бойынша интернатураны бітірген түлектері өз бетінше жұмысқа орналасу мүмкіндігі назарға алынды. Қазіргі таңда интернатура түлектері: Жалпы тәжірибиелі дәрігердің функционалдық міндеттерін, алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде өз бетімен орындай алады және шұғыл жедел медициналық көмек көрсете алады.
«Жалпы медицина» ББ миссиясы ОҚМА сайтының құрылымдар бөлімінде (Жалпы дәрігерлік практика және дерматовенерология кафедрасы) және «Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру» бөлімінің, «Жалпы дәрігерлік практика және дерматовенерология» кафедрасының стендінде жарияланған.
Кафедраның ғылыми бағыты:
- «Уақытылы диагноз қоюдың маңыздылығы және метаболикалық синдромды емдеу», метаболикалық және гормоналды бұзылулардың клиникалық маңыздылығы олардың үйлесімі өнеркәсібі дамыған елдерде өлім себептері арасында бірінші орында тұрған жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуы мен өршуін күрт жеделдететіндігіне байланысты.
Қазіргі таңда кафедрада: негізгі штатта - 18 ПОҚ , оқу-көмекші қызметкерлері-3, осы құрамда медицина ғылымдарының докторы – 1, медицина ғылымдарының кандидаттары – 5 , ДС және медицина магистрлары – 2 және білікті: терапевт, педиатр , жалпы тәжірибелі дәрігерлер, дерматолог , эндокринолог дәрігерлері жұмыс жасайды.