
2026 жылдың 30 қазанында Жалпы тәжірбиелік дәрігер-2” кафедрасында Кафедра меңгерушісі м.ғ.д.,профессор Досыбаева Гүлжан Нұрбекқызының басшылығымен және кафедра асситенттері Қ.А. Сартаев және М.А.Тасқынованың жетекшілігімен
“Академиялық адалдық және жемқорлықтың алдын алу” тақырыбында “дөңгелек үстел” өткізілді.
“Дөңгелек үстелдің” мақсаты - студенттер арасында академиялық адалдық қағидаларын қалыптастыру, білім беру үдерісіндегі адалдық пен әділдіктің маңызын түсіндіру, сондай-ақ жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шара барысында академиялық адалдық ұғымы, оның негізгі қағидалары және білім алушылардың оқу үдерісіндегі жауапкершілігі талқыланды.
Студенттерге академиялық адалдықты бұзудың негізгі түрлері түсіндірілді. Атап айтқанда, плагиат, көшіру, шпаргалка пайдалану, басқа адамның жұмысын өз атымен тапсыру, жалған ақпарат беру және емтихан кезінде рұқсат етілмеген материалдарды пайдалану мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, жемқорлық ұғымы, оның қоғамға және білім беру жүйесіне тигізетін кері әсері туралы ақпарат берілді. Білім беру саласындағы пара беру, пара алу, таныстық арқылы заңсыз артықшылыққа ие болу сияқты әрекеттердің алдын алу жолдары талқыланды.
Жоба барысында студенттер белсенді қатысып, тақырып бойынша өз ойларын білдірді. Академиялық адалдыққа қатысты сұрақтар қойылып, пікір алмасу жүргізілді. Студенттер академиялық адалдықтың тек оқу барысында ғана емес, болашақ кәсіби қызметте де маңызды екенін атап өтті.
Әсіресе, медициналық білім алушылар үшін бұл мәселенің маңыздылығы айтылды. Себебі, болашақ дәрігердің кәсіби білімі мен жауапкершілігі пациенттің денсаулығы мен өміріне тікелей әсер етеді.
Іс-шараға ІЖТДҚ-16-26, ІЖТДҚ-17-26,ІЖТДҚ-19-26 топтарының білім алушылары қатысты.