Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Балалар мен жасөспірімдердегі...
6 мамыр 2026
1
0
0

«Балалар мен жасөспірімдердегі семіздік пен диабеттің алдын алу»

2026 жылдың 06- мамыр күні, ЖТД-3 кафедрасының ассистенттері Г.М. Онласбекованың және Г.Ш.Баймакованың ұйымдастыруымен 6- курс IЖТДҚ -08-25 топ дәрігер- интерндерімен бірге Шымкент қаласы, Нұрсат м.а орналасқан №80 IT мектеп –лицейінің 8-9 -сынып оқушыларына арнап 1.«Балалар мен жасөспірімдердегі семіздік пен диабеттің алдын алу», 2. «Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі» арналған іс-шара өтті.
Мақсаты: Ата-ананың міндеті – бала үшін ерте жастан бастап дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік тәртібін ұйымдастыру,аурулардың алдын алу, физикалық және психикалық денсаулықты нығайту, оқушының бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыру, бүгінгі оқушы- ертеңгі болашағымыз екенін түсіндіру, денсаулықтың қадірін жастайынан түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу.
Салауатты өмір салты – ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. «Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек. Оқушыларға дұрыс тамақтану, дұрыс ұйқы, дене тәрбиесі, таза ауада серуендеу, зиянды әдеттерден аулақ болу тақырыптары жайлы дәрігер интерндер толық, түсінікті етіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
1. Дұрыс, толыққанды тамақтану
Дұрыс тамақтану- баланың дұрыс өсуін және ағзаның дамуын, сонымен қатар денсаулықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Ұзақ өмір сүру үшін, жас ұрпақтың дұрыс дамып өсуі үшін дұрыс тамақтанудың маңызы ерекше.
2. Жеке бас гигиенасы
Жеке бас гигиенасы- күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралар. Бұл тән күтімі, ауыз қуысын, тісті тазалау, үй ішінде тазалықты сақтау, теріге дұрыс күтім жасау туралы мәлімет берілді.
3. «Балалар мен жасөспірімдердегі семіздік пен диабеттің алдын алу»
Артық салмақ қосудың негізгі себебі – қарапайым, яғни жылдам көмірсулар мен майлардың (нан өнімдері, тәттілер, десерттер, тәтті газдалған сусындар, фаст-фуд, қуырылған тағамдар) басым болуынан, рационның калориялық мөлшері дененің энергия қажеттілігінен асып түседі, яғни энергетикалық теңгерімсіздік.
Артық салмақ пен семіздік денсаулықтың елеусіз проблемаларынан бастап күрделі проблемаларына әкелуі мүмкін:
- асқазан-ішек жолдарының аурулары (іш қату, диарея, гастрит, холецистит, панкреатит және т.б.);
- жүрек-қантамыр жүйесі жұмысындағы бұзылыстар;
- 2 типті қантты диабет;
- жыныстық дамудың бұзылуы;
- эндокриндік және метаболизмдік бұзылыстар;
-тірек-қимыл аппаратындағы бұзылыстар (артроз және т.б.)
-психологиялық бұзылулар
(өзін-өзі бағалау проблемасы, комплекстердің дамуы, сыныптастарының мазақ етуі.)

Пікірлер орны (0)