
18.03.26 ж. күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедраларының бірлесіп ұйымдастыруымен «Функционалды сауаттылықты қалыптастырудағы сабақты жоспарлау әдістері» атты тақырыпта әдістемелік семинар өткізілді.
Мақсаты: оқытушыларға функционалды сауаттылықты дамыту әдістерімен таныстыру, білім беру үдерісінде тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Әдістемелік семинар барысында функционалды сауаттылық түсінігі мен маңызы, интерактивті және инновациялық әдістерді қолдану түрлері талқыланды.
Әлістемелік семинарда «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент м.а. Г.С.Айдарбекова «Оқытудың үдерісінде сандық технологияларды қолданудың ерекшеліктері тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама барысында сандық технологияларды оқу үдерісіне енгізудің тиімділігі мен артықшылықтары, олардың оқу сапасын арттырудағы рөлі терең талқыланды. Ол білім беру процесінде қолданылатын заманауи цифрлық құралдар мен платформалардың ерекшеліктерін атап өтіп, нақты мысалдар мен практикалық ұсыныстар ұсынды. Атап айтқанда, интерактивті оқу ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері, электрондық платформалар арқылы коммуникацияны ұйымдастыру және цифрлық технологиялардың пән бойынша оқытуды тиімді ету жолдары білім беру процесін жандандырып, студенттердің білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Семинарға қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, сандық технологияларды оқу үдерісінде кеңінен қолданудың мүмкіндіктерін талқылады.
Қорыта айтқанда, сандық технологияларды оқу үдерісіне енгізу студенттердің білімін тиімді әрі қызықты меңгеруіне мүмкіндік береді. Интерактивті ресурстарды пайдалану, электрондық платформалар арқылы коммуникацияны ұйымдастыру және цифрлық құралдарды пәнге бейімдеп қолдану оқу процесін жаңаша форматқа көшіреді, білім сапасын арттырады және оқытудың заманауи талаптарына сай болуға жағдай жасайды.
