
2026 жылғы 10 қыркүйекте «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен 1 курс білім алушылары арасында жастардың сәлемдесу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәрбие сағаттары мен түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда жаңа қоғамдық әдеп пен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, өзара құрметті нығайту және ұлттық дәстүрлерге негізделген мінез-құлық мәдениетін дәріптеу жөніндегі бастамаларын жастар арасында түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Президент жастардың және жалпы қоғам мүшелерінің күнделікті қарым-қатынасында әдептілік, ұстамдылық және өзара сыйластық қағидаларын сақтаудың маңыздылығына назар аударған болатын. Тәрбие сағаттары барысында білім алушыларға сәлемдесудің адамаралық қарым-қатынастың алғашқы әрі маңызды мәдени белгісі екені түсіндірілді. Сәлемдесу арқылы адамға деген құрмет, ізет пен жақсы ниет білдірілетіні, сондықтан жастардың күнделікті өмірде сәлемдесу әдебін сақтауы қоғамдық мәдениеттің маңызды көрсеткіші екені атап өтілді. Сонымен қатар қазақ халқының дәстүрлі сәлемдесу мәдениетіне, үлкенге құрмет, кішіге ізет, амандасу, ізеттілік, әдептілік және сыйластық сияқты ұлттық құндылықтарға ерекше мән берілді. Білім алушыларға оқу орнында, қоғамдық орындарда, отбасында және күнделікті қарым-қатынаста сәлемдесу мәдениетін сақтаудың нақты үлгілері түсіндірілді.
Тәрбие сағаты барысында студенттер өз ой-пікірлерін білдіріп, қазіргі жастар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті, әлеуметтік желілердің адамаралық байланысқа ықпалы және ұлттық әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша пікір алмасты.
Іс-шараның қорытындысында білім алушыларға сәлемдесу – қарапайым әдеп нормасы ғана емес, адамның мәдениеті мен тәрбиесін көрсететін маңызды құндылық екені түсіндірілді. Жастарды үлкенге құрмет көрсетуге, кішіге ізет білдіруге, айналасындағылармен мәдениетті әрі сыйластыққа негізделген қарым-қатынас жасауға шақырылды.
Өткізілген түсіндірме жұмыстары Мемлекет басшысының қоғамдағы қоғамдық әдепті, өзара құрметті және мәдени қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған бастамаларын білім алушылар арасында насихаттауға, сондай-ақ жастардың бойында ұлттық құндылықтарға негізделген жоғары мәдени мінез-құлық қалыптастыруға бағытталды.