Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Психикалық денсаулық – өмір с...
18 мамыр 2026
1
0
0

«Психикалық денсаулық – өмір сапасының негізі» атты тренинг

“Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер” кафедрасының аға оқытушылары А.А.Беккулова мен А.Ә.Мырзазия 1 курс “Медицина” білім беру бағдарламасының студенттерімен «Психикалық денсаулық – өмір сапасының негізі» атты тақырыпта танымдық-тренингтік іс-шара өткізді.
Тренингтің мақсаты – студент жастардың психикалық денсаулық туралы білім деңгейін арттыру, эмоционалдық әл-ауқаттың қоғам мен жеке тұлға өміріндегі маңызын түсіндіру, стресс жағдайларын алдын алу және оларды тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, жастар арасында психологиялық тұрақтылықты нығайту, өзара қолдау мәдениетін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау көзделді.
Іс-шара барысында психикалық денсаулықтың негізгі қағидалары, күйзеліс факторлары және олардан сақтану жолдары жан-жақты талқыланды. Студенттер тренингке белсене қатысып, өмірлік жағдайларға байланысты пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ топтық тапсырмалар арқылы эмоцияны басқару және коммуникация дағдыларын жетілдіруге бағытталған жаттығулар орындады.
Тренинг соңында қатысушыларға психикалық денсаулықты сақтау бойынша практикалық ұсыныстар беріліп, өз-өзіне көмек көрсету және қажет жағдайда кәсіби мамандарға жүгіну маңыздылығы түсіндірілді.

Пікірлер орны (0)