
2025 жылдың 16 қазан айында Психологиялық қызметтің ұйымдастыруымен Халықаралық факультет студентеріне ВМ-ММА-02-24, ВМ-МШВ-02-24 топтарында «Стрессті басқару, эмоционалды интеллектті дамыту» бойынша іс-шара өткізілді.
Қазіргі қоғамда адамдар күнделікті өмірде әртүрлі психоэмоционалды жүктемелерге, ақпараттық қысымға және әлеуметтік күйзеліске ұшырайды. Бұл факторлар адамның жалпы өмір сапасына, эмоционалдық тұрақтылығына және психикалық денсаулығына тікелей әсер етеді. Осыған орай, стрессті басқару, эмоционалды интеллектті (EQ) дамыту және депрессияның алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру, эмоцияларды тиімді басқаруға үйрету, күйзеліс жағдайларын ерте кезеңде анықтауға көмектесу және депрессияның алдын алу жолдарын түсіндіру болды. Сонымен қатар, HATS I HATS II (Human Assessment Tools System) психологиялық диагностика нәтижелері негізінде әр қатысушының жеке мінез-құлық ерекшеліктері мен күйзеліс деңгейі ескеріліп, бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.