
2025 жылғы 7 қазанда «шет тілдері» кафедрасы және Психологиялық қызмет «Стресті басқару және эмоционалдық интеллектті дамыту» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара келесі академиялық топтар үшін өткізілді: ВМ-МА-14-25, ВМ-СОБ-08-25, ВМ-СО-10-25, С-МІҚБ-11-02-23, В-ФӨТА-05-25, ВМ-СОА-08-25.
Қазіргі қоғамда адамдар үнемі психоэмоционалдық жүктемелерге, ақпараттық қысымға және әлеуметтік күйзеліске тап болады. Бұл факторлар адамның эмоционалдық тұрақтылығына, психикалық денсаулығына және өмір сапасына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты жастар арасында стресті тиімді басқару және эмоционалдық интеллект (EQ) дағдыларын дамыту өзекті мәселеге айналуда.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің психологиялық сауаттылығын арттыру, эмоцияларды басқару дағдыларын үйрету, стрестік жағдайларды ерте анықтауға көмектесу және депрессияның алдын алу жолдарын түсіндіру болды.
Бағдарлама аясында HATS I және HATS II (Human Assessment Tools System) психологиялық диагностикасының нәтижелеріне сүйене отырып, әрбір қатысушының мінез-құлық ерекшеліктері мен стресстік деңгейі ескеріліп, жеке және топтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар студенттердің эмоционалдық әл-ауқатын нығайтуға бағытталды.